Новости
USD: ---
EUR: ---
RUB: ---
ЛОНДОН
МОСКВА
АСТАНА
ТОКИО
НЬЮ-ЙОРК

8 (7172) 64-40-09
8 (771) 110-55-55
info@comex.kz

Құрметті клиенттер мен серіктестер!

Осымен «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ (әрі қарай – Биржа) сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынады.

COVID-19 таралу жағдайы біртіндеп асқынып барады және бұл мәселе Биржа жұмысшалырының адамдармен «міндетті емес» байланыстарын азайтып, әлеуметтік ара-қашықтықты арттыруды талап етіп отыр.

Осыған орай, Биржа басшылығы тарапынан бүгінгі күн – 2020 жылдың 22 маусымынан бастап Биржа жұмысшыларын сауда жүйесіне қашықтан қызмет көрсетуге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім сіздердің саудаларыңызға қандай да бір әсерін тигізбейді және бірде бір сауда тоқтатылмайды. Осы жылдың көктемінде орын алған қашықтан басқару режиміндегі жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, Биржаның Электрондық сауда жүйесі саудаға интернет жүйесіне қосылған кез-келген құрылғы арқылы қатысуға мүмкіндік береді және қолданушылардың міндетті түрде офисте болуын талап етпейді.

Сұрақтар туындаған жағдайда, Биржа сайтында көрсетілген ұялы телефондар арқылы байланысуларыңызды сұраймыз. Қашықтан жұмыс істегенмен, Биржаның барлық штаттық жұмысшыларына корпоративтік пошталары қол жетімді.

Қолданып отырған шара – жағымсыз, алайда біз өз клиенттеріміз бен жұмысшыларымызды аурудан қорғау үшін өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауды қамтамасыз етуіміз керек.

Барлық корреспонденцияларды «Биржаға» деген белгі қою отырып, Нұр-Сұлтан қаласы, Әуезов көшесі 46/1 мекен-жайы бойынша орналасқан БО-ның 1-қабатында отыратын күзетшілерге тастап кетулеріңізге болады.

Ізгі ниетпен, «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ

Новости

forum ccx