Биржалық терминдер
USD: ---
EUR: ---
RUB: ---
ЛОНДОН
МӘСКЕУ
АСТАНА
ТОКИО
НЬЮ-ЙОРК

8 (7172) 64-40-09
8 (771) 110-55-55
info@comex.kz

Биржалық брокер (бұдан әрі - брокер) - акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған және клиент мүддесі есебінен де тапсырма бойынша биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде тауарлық биржада өз қызметін іске асыратын заңды тұлға;

Биржалық дилер (бұдан әрі - дилер) - акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған және өз мүддесінде әрі өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсыруы бойынша биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде тауарлық биржада өз қызметін іске асыратын заңды тұлға;

Биржалық сауда - саудалар, оның ішінде электронды өткізу, мәсілілер тіркеу және ресімдеу арқылы тауарлық биржада іске асырылатын биржалық тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

Биржалық сауда ережесі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен биржалық саудалардың типтік ережесі негізінде әзірленген әрбір тауарлық биржа үшін биржалық сауда жүргізу тәртібін белгілейтін құжат;

Биржалық саудалар - биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған биржалық сауда ережелері шеңберінде өткізілетін процесс;

Биржалық саудаға қатысушылар - белгіленген биржалық сауда ережелері бойынша тауарлық биржада өзара әрекет ететін клиенттер, брокерлер және дилерлер;

Биржалық тауар - айналымнан шығарылмаған немесе айналымда шектелмеген тауар, оның ішінде зияткерлік меншік нысандары мен жылжымайтын мүлікті қоспағанда, биржалық саудаға тауар биржасы жол беретін жедел келісім-шарт;

Биржалық тауарлар белгіленімі - тауарлық биржада белгілі бір уақыт сәтінде биржалық тауарлар бойынша жарияланатын сұраныс және (немесе) ұсыныс бағасы;

Бұйрық - нақты биржалық тауарларға қатысты тауар биржасындағы белгіл бір іс-әректті іске асыру көрсетіліп, брокер және (немесе) дилер клиентіне ұсынылатын құжат;

Клиент - биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокер және (немесе) дилер қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

Клиринг - тауар биржасында жасалатын мәмілелер бойынша биржалық саудаларға қатысушылар арасындағы өзара талаптар мен міндеттемелерді сынақтан өткізу;

Жедел келісім-шарт - жедел орындалатын биржалық тауарды шартсыз немесе шартты сатып алу – сату келісім-шарты, оған фьючерс, опцион жатады;

Опциондық келісім-шарт - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде немесе білгілі бір күні (опцион мерзімінің аяқталған күні) опцион сатушысының орныдау бағасы бойынша биржалық тауарды сатып алу немесе сату құқығын сатып алушыға (міндеттемелерсіз) сыйақы орнына ұсынатын келісім-шарт;

Опциондық мәміле - опциондық укелісім-шарт нысаны болып табылатын биржалық мәміле;

Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті (бұдан әрі - уәкілетті орган) – мемлекеттік реттеуді және сауда қызметі саласындағы үйлестіруді іске асыратын орталық атқарушы орган;

Спот-тауар - дереу жеткізілетін немесе оны болашақта жеткізетін қоймада болатын таура;

Тауар биржасының мүшесі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тауар биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен биржалық тауармен жасалатын мәмілені іске асыру құқығы бар брокер және (немесе) дилер;

Тауар биржасының сауда жүйесі - тауар биржасында саудаға қатысушылар арасында биржалық тауарлармен мәмілелер жасалатын саудалар іске асырылатын кезде пайдаланылатын материалдық-техникалық құралдар, бағдарламалық өнімдер, таура биржасының ішкі құжаттар және өзге де қажетті активтер мен процедуралар кешені;

Тауар биржасының ішкі құжаттары - тауар биржасына қатысушылардың қызмет жағдайы мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызмет көрсетулерді, оларды төлеу тәртібі мен көлемін реттейтін құжаттар;

Фьючерлік мәміле - мәміле жасау сәтінде белгіленген баға бойынша болашақта белгілі бір кезеңде биржалық тауардың белгілі бір санын жеткізуге (қабылдауға) саудаға қатысушылар өздеріне жауапкершілік қабылдайтын, тауар биржасында жедел келісім-шартпен жасалатын, есептеулер клирингтік орталық арқылы өткізілетін кепіл төленіп жасалатын биржалық мәміле.

forum ccx