Басты бет
USD: ---
EUR: ---
RUB: ---
ЛОНДОН
МӘСКЕУ
НУР-СУЛТАН
ТОКИО
НЬЮ-ЙОРК

8 (7172) 64-40-09
8 (771) 110-55-55
info@comex.kz

«Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2014 - 2015 жылдарға арналған Ұлттық жоспарының екінші кезеңіндегі квоталарымен ары қарай сауда-саттық жүргізу туралы келесіні хабарлайды: 2012 жылдың 11 мамырындағы №151-ө «Парниктік газ шығарындыларына және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларының» 9 тармағына сәйкес - квота бірліктерінің қолданыста және айналымда болу мерзімі олар сәйкесінше орналастырылған Ұлттық жоспардың әрекет ету кезеңі бойынша есептілікті ұсыну күні аяқталғаннан кейін тоқсан жұмыс күнімен шектеледі. ҚР Энергетика Министрлігінің 14.08.2015 ж. №18-02-05/23557 түсіндірме хатына сәйкес, келесіні хабарлаймыз:

1. 2014 жылдың квота бірліктері 2015 жылдың 8 тамызынан кейін сатыла алмайды.

2. 2014 жылғы сатылып алынған квота бірліктері 2015 жылдың қарыздарын өтей алмайды.

3. 2014 жылдың қарыздарын өтеу үшін 2015 жылдың квоталарын 2015 жылдың 8 тамызынан кейін сату немесе сатып алу мүмкін емес.

01 06 404

«Парниктік газ шығарындыларына берілетін квоталармен сауда-саттық жүйесінің практикалық қолданылуы» тақырыбы бойынша Астана қаласында Carbon-KZ Екінші халықаралық форумы ашылды.

Carbon-KZ халықаралық форумы – экологиялық сферадағы ғаламдық мәселелерді талқылауға және шешуге арналған жыл сайынғы сұхбат алаңы. Қозғалған тақырыптар және қарастырылған пікірлер бойынша Қазақстан Республикасында алдыңғы қатарлы орынды алып отыр.         

Форум өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған, себебі Қазақстан Республикасында СО2 парниктік газдар шығарындаларына берілетін квоталармен сауда-саттық жүйесінің дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа инновациялық технологияларды енгізу және қоғамдық сфераны дамыту мақсатында қажетті шарттарды даярлайтын құрал болып табылады.         

Форумның басты ұйымдастырушысы – «Каспий Тауар «Биржасы» АҚ, қолдаушылар – ҚР Энергетика Министрлігі, Германиядағы Қоршаған ортаны қорғаудың, табиғатты, ғимараттарды қорғаудың және ядролық қауіпсіздіктің Федералды Министрлігі, «Жасыл Даму» АҚ, DEHSt (Германия) қоршаған ортаны қорғау бойынша мекемесіндегі шығарындылармен сауда-саттық жасаудың Неміс агенттігі, ҚР Ұлттық экономика Министрлігі, USAID, сонымен қатар тәуелсіз сектордың өкілдері – экономиканың барлық секторындағы табиғатты қолданушылар және қаржылық институттар. Форум бағдарламасы шеңберінде қатысушылар осы сектордың бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерін талқылады:

  • СО2 квоталарының биржалық нарығындағы жағдайдың анализі;
  • Саланың мемлекеттік ынталандырылуы мен реттелуі;
  • Салық салыну мәселелері;
  • Мемлекеттік қатысуы бар ұйымдардың биржада CO2 квоталарын сату-сатып алу;
  • «Каспий Тауар «Биржасы» АҚ-да көміртегі бірліктерімен саудаласу келешегі;
  • Операциялық және қаржылық тәуекелдерді басқару, клиринг;
  • Квоталық ұйымдар ішінде карбонменеджментті ұйымдастыру және өзге де өзекті мәселелер.

Форум шеңберінде парниктік газдар шығарындыларына берілетін квоталармен сауда-саттық жүргізу субъектілері алдынан пайда болған мүмкіндіктерін талқылау жүзеге асты. Бұл  «Каспий Тауар «Биржасы» АҚ-ның қазіргі кездегі Лейпцигтік энергетикалық биржа негізінде Еуропадағы сауданы жүргізу үшін қолданылатын сауда бағдарламалық қамтамасының неміс тәжірибесін практикалық қолдануына өтуге байланысты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында CO2 парниктік газдар шығарындаларына берілетін квоталармен, электр энергиясымен және қуатымен сауда-саттықты ұйымдастыруын дамыту мақсатында сауда-саттық  жүйесін ынталандыратын қосымша факторлар қарастырылған.

IІ халықаралық Carbon-KZ форумы 2015 жылдың 14-15 мамырында өтеді.

Форумның жалпы тақырыбы: «Парниктік газ шығарындыларына берілетін квоталармен сауда-саттық жүйесін практикалық қолдану және экологиялық менеджмент»

Форум бағдарламасы

Тіркелу

Конференцияға қатысу үшін келесі тіркелу формасын толтырыңыз

Тіркелу формасы

Қатысу бағасы жайлы ақпарат дерегаттық кірісті төлеу туралы құжатында көрсетілген.

Тіркелудің соңғы мерзімі: 09 мамыр 2015 жыл.

«Брокерская фирма «Коммерсант» ЖШС биржалық брокері өзінің клиенттерінің мүддесін көздеу мақсатында  коммунальды қажеттіліктер үшін қарама-қарсы қос аукцион режімінде көмірдің мемлекеттік сатып алуларын жүргізеді. Сауда-саттықты жүргізу аралығы 2015 жылдың  1 сәуірінен 30 сәуіріне дейін.   Сауда-саттықты жүргізу уақыты 09:00-ден 19:00-ге дейін Астана уақыты бойынша. 

«ЫРЫС-Трейд» ЖШС биржалық брокері өзінің клиенттерінің мүддесін көздеу мақсатында коммунальды қажеттіліктер үшін қарама-қарсы қос аукцион режімінде көмірдің мемлекеттік сатып алуларын жүргізеді.  Сауда-саттықты жүргізу аралығы 2015 жылдың  1 сәуірінен 30 сәуіріне дейін.   Сауда-саттықты жүргізу уақыты 09:00-ден 19:00-ге дейін Астана уақыты бойынша. 

  • KZQ квоталары

  • Ақ құмшекер

  • ПЦ 400 Д20 цементі

  • Тас көмір

Жаңалықтар

forum ccx